Мемлекеттік қызметтер саласындағы қызмет туралы есеп
"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі" ММ 2024 жылы жария талқылау үшін
1. Жалпы ережелер
1) көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер:
"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі"ММ. Заңды мекенжайы Ақмола облысы, Егіндікөл ауданы, Победа көшесі, 6 үй.
2) мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі" ММ 2024 жылы 23 мемлекеттік қызмет көрсетті.
1."Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру" -0;
2."Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу" -0;
3."Кәмелетке толмағандардың мүлкіне билік ету үшін анықтамалар беру" -9;
4."Балаға теріс әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуге рұқсат беру" -0;
5."Он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншылық және қамқоршылық органының шешімін беру" -1;
6."Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейінгі) балаларды кезекке қою" -37;
7."Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" -64;
8."Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" -108;
9."Денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау" -7;
10."Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" -0;
11."Шалғайдағы ауылдық пункттерде тұратын балаларға жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну" -0;
12."Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну" -75;
13."Мемлекеттік білім беру мекемелерінің білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалыс беруге құжаттар қабылдау және жолдамалар беру" -40;
14."Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру" -0:
15."Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау" -48;
16."Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы төлеуді тағайындау" -0;
17."Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау" -0;
18."Бала асырап алғысы келетін адамдарды есепке қою" -0;
19."Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлем тағайындау" -0;
20."Баланы (балаларды) асырап алушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды күтіп-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау"-0;
21."Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" -9;
22."Білім беру ұйымдары мен республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының педагогтерін біліктілік санаттарын беруге және растауға аттестаттаудан өту үшін құжаттарды қабылдау" -43.
23."Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету" - 192.
2024 жылы Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім беру ұйымдарымен және білім бөлімімен 633 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста орналастырылған http://egindykol.aqmoedu.gov.kz "Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі" ММ "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде мемлекеттік қызметтер көрсету Қағидалары және ақпараттық стенділерде орналастырылған.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).
Бұқаралық ақпарат құралдары, көрсетілетін қызметті берушінің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы халықты хабардар ету бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Тиімділік және қолжетімділік мақсатында әрбір білім беру ұйымында "өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы"жұмыс істейді.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Мемлекеттік қызметтерді 16 қызметкер көрсетеді барлығы 2024 жылы талаптарға сәйкес келетін жаңа компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген, сондай-ақ біліктілікті арттыру курстарынан өткен "мемлекеттік басқаруды дамыту: мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру" тақырыбы сындарлы шешім.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2024 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Мемлекеттік қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.
5. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттанушылығын арттыру мақсатында жұмыс бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары және білім беру бөлімі мен ұйымдарының 2024 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету туралы тұтынушыларды танымал ету және ақпараттандыру жөніндегі Медиа-жоспар негізінде жүргізілді. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне, сапасына және қолжетімділігіне күнделікті мониторинг жүргізіледі.
2025 жылы жеке тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыру жоспарлануда.