"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бұйрық

/public/files/2026/3/17/170326_172736_egndkl-audany-byry-ghne-ghospar-auypsyzdy-su-tasynan.pdf

Көктемгі су тасқыны кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, су айдындарындағы су деңгейінің көтерілуіне және еріген қар суларының жиналуына байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында, Ақмола облысы білім басқармасының ММ «2026 жылғы көктемгі су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы» 2026 жылғы 06 наурызынан №95 бұйрығының негізінде БҰЙЫРАМЫН:

1. Мектеп директорларына:

-көктемгі су тасқыны кезеңінде білім алушылар арасында жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру;

-мектептің ақпараттық стендтерінде және ресми сайтында су айдындарының маңындағы қауіпсіз мінез-құлық туралы жадынамаларды орналастыру.

2. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына:

-білім алушылармен көктемгі су тасқыны кезеңіндегі қауіпсіз мінез-құлық ережелері бойынша нұсқаулықтар мен сынып сағаттарын өткізу;

-білім алушыларға өзендер, су айдындары, каналдар және еріген су жиналатын орындардың маңында болудың қауіптілігі туралы түсіндіру;

-ата-аналарға (заңды өкілдерге) су тасқыны кезеңінде балалардың қауіпсіздігі шаралары туралы ақпаратты жеткізу.

3. Мұғалімдер мен кезекші әкімшілікке:

-оқу процесі, үзіліс кезінде және сабақ аяқталғаннан кейін білім алушылардың тәртібіне бақылауды күшейту.

4. Білім алушылардың ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) сабақтан тыс уақытта балалардың жүрген жерін бақылаудың қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау мектеп директорларына жүктелсін.


Текст