«Салты жақсының халқы жақсы» аудандық сырттай байқауының ережесі
«Салты жақсының халқы жақсы»
аудандық сырттай байқауының ережесі
Мақсаты: Ұмыт болып бара жатқан, алайда ізгілік пен тәрбие құндылығы жағынан қазіргі заманда да өзекті болып отырған дәстүр мен әдеп-ғұрыптарды қайта жандандыруға ықпал ету.
Міндеттері:
- ұлттық салт-дәстүрлердің, әдет-ғұрыптардың мән-мазмұнын терең түсініп, оларды құрметтеуге, сүюге тәрбиелеу;
- білім алушылардың адамгершілік қасиеттерін, патриотизмділіктерін, азаматтылық ұстанымдарын, мәдениеттіліктерін тәрбиелеу;
- дарынды балаларды анықтап, оларға қолдау көрсету;
- оқушылардың әлеуметтік белсенділіктерін арттыру.
Байқауды ұйымдастырушылар: Егіндікөл ауданы білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің әдістемелік орталығы
Өтетін орны мен уақыты: Байқау 2020 жылғы 23 қазанда Егіндікөл ауылында сырттай режимде өтеді.
Қатысу шарттары: Конкурсқа Егіндікөл ауданының жалпы білім беру ұйымдары оқушыларының 9-16 жас аралығындағы ұжымдық жұмыстары қабылданады.
Әр ұжым байқау ұйымдастырушыларына рухани-адамгершілік тәрбие беруде үлкен маңызға ие, алайда ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрлерді, әдеп-ғұрыптарды сахналандырылған қойылым түрінде ұсынуы қажет (бейнеролик ұзақтығы – 5 минуттен аспауы тиіс).
Байқау жұмыстарын бағалау критерийлері:
- таңдалған салт-дәстүрдің рухани-адамгершілік, тәрбиелік мәнінің толық ашылуы;
- актерлік және орындаушылық шеберлігі (актерлердің мәнерлілігі және эмоционалдылығы);
- орындаушылардың сөз мәдениеті;
- сахналық мәдениеті;
- көркемдік безендірілуі (костюмдер, грим, декорациялар, реквизиттер, музыкалық сүйемелдеу);
- дикциясы;
- орындаушылардың жас ерекшелігіне қойылымның сәйкес келуі.
Қатысушыларды марапаттау
Байқау қатысушылары Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен және сертификаттарымен марапатталады. Электрондық дипломдар Ақмола облысы білім басқармасының сайтына орналастырылады.
Байқауға өтінім беру тәртібі:
Директордың қолымен расталған өтінім және бейнежазба ағымдағы жылғы 22 қазан сағат 12: 00-ге дейін электрондық мекенжай бойынша қабылданады guzel.ibraeva.91@mail.ru. Бейнежазбаның сапасы жақсы болуы керек. Анықтама телефондары: 2-20-02, 87055978807. Көрсетілген уақыттан кеш келіп түскен өтінімдер қарастырылмайды.
1 қосымша
«Салты жақсының халқы жақсы»
аудандық сырттай байқауына қатысуға өтінім
|
№ |
Қатысушының/қатысушылардың ТАӘ |
Туған жылы |
Ауданы, мектебі, сыныбы |
Жетекшісінің аты-жөні, телефоны |
|
|
|
|
|
|