Текст
Ағымдағы жылдың 15-18 қазан күндері Щучинск қаласының жоғарғы педагогикалық колледжінде «Үздік дене шынықтыру педагогы -2024» облыстық байқауы өтті. Конкурста Ақмола облысы жалпы орта білім беретін мектептерінің 11 дене шынықтыру пәні мұғалімі қатысты, Егіндікөл ауданының намысын Егіндікөл ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Шевченко Людмила Дмитреевна қорғады.Облыстық кезеннің қорытындысы бойынша Шевченко Людмила Дмитреевна 2 жүлделі орынға ие болды. Әріптесімізді шын жүректен құттықтай отырып, алдағы педагогикалық жолда тек табыс тілейміз.