Текст
Бүгін Егіндікөл ауылындағы №2 жалпы орта мектепте педагогикалық-психологтар мен әлеуметтік педагогтар бірлестігінің кезекті отырысы өтті.
Күн тәртібінде кәмелетке толмағандардағы суицидтік мінез-құлық белгілерін анықтау, жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивтік мінез-құлықтың алдын алу мәселелері қаралды, сондай-ақ балалары өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенген ата-аналарға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету әдістері ұсынылды.