"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

      

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

А1-3-1 санатындағы азаматтық қызметшілердің бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды

22.02.2021

«Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі» ММ А1-3-1 санатындағы азаматтық қызметшілердің бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

- «Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Қоржынкөл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ директоры, Қоржынкөл ауылы, Школьная көшесі, 18, жалпы орта білім беретін қызметтерді көрсететін;

- «Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Бауман ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ директоры, Бауман ауылы, Школьная көшесі, 1, жалпы орта білім беретін қызметтерді көрсететін;

- «Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Спиридоновка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ директоры, Спиридоновка ауылы, Горького көшесі, 8, жалпы орта білім беретін қызметтерді көрсететін;

- «Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Полтавск ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ директоры, Полтавское ауылы, Центральная көшесі, 16, жалпы орта білім беретін қызметтерді көрсететін;

- «Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Ұзынкөл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ директоры, Ұзынкөл ауылы, Школьная көшесі, 29, жалпы орта білім беретін қызметтерді көрсететін.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат; педагогикалық жұмыс өтілі кемінде үш жыл, оның ішінде білім беру ұйымындағы педагогикалық өтілі соңғы екі жыл; педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог - шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі кемінде бес жыл жоғары оқу орындары оқытушыларының қызметкерлерін, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың), біліктілікті арттыру жүйесінің әдіскерлерін қоспағанда).

Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығымен бекітілген "мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидалары" негізінде өткізіледі.

Лауазымдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 13.07.09 ж.№338 бұйрығымен бекітілген Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес (орта білім беру ұйымының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) басшысы (директоры, меңгерушісі)).

Лауазымдық жалақының мөлшері: еңбек сіңірген жылдарына байланысты 132 993 теңгеден 156 884 теңгеге дейін.

Конкурстың өткізілетін күні мен орны: конкурс 2021 жылғы 5 наурызда "Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі"ММ-нің Егіндікөл ауылы, Победа көшесі, 6 мекенжайы бойынша өтеді.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарын хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде Егіндікөл ауылы, Победа көшесі, 6 мекен – жайы бойынша "Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі" ММ-не "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация) арқылы тапсыруы тиіс.

Қажетті құжаттар тізімі:

1) нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың (ЖОО-ның өзіндік үлгідегі құжатының) көшірмесі);

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;

6) ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама);

9) соттылығының жоқтығы туралы анықтама;

10) Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама;

11) тестілеуден өткені туралы құжат (бар болса);

12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (бар болса);

13) Білім берудегі менеджмент бойынша біліктілікті арттыру курстарынан кемінде жетпіс екі сағат өткенін растайтын құжат;

14) білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.

Ақпаратты нақтылау телефоны: 2-13-51, 2-19-75

Эл.мекен-жайы: otdel_roo@mail.ru

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 291


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст