22 қарашада Егіндікөл ауданының жалпы білім беретін мектептерінің пән мұғалімдері арасында "Үздік цифрлық білім беру контенті" сырттай байқауы өтті. Конкурсқа қатысушылар Егіндікөл ауданының жалпы білім беретін мектептерінің пән мұғалімдері. Конкурстың мәні оқу материалының көрнекілігін, оның интерактивтілігін және білім алушылардың түсінуі үшін қолжетімділігін қамтамасыз ететін цифрлық форматтағы оқытудың интерактивті құралдарының құрылымы мен мазмұнына міндетті түрде енгізе отырып, ҚР МЖМБС талаптарына сәйкес авторлық цифрлық контент болып табылады. Конкурсқа 4 педагог қатысып, ұсынылған материалдарды қарап, комиссия облыстық кезеңге қатысу үшін Аманбай Ақжан Жұлдызқызы (Егіндікөл ауылының № 1 ЖББМ) және Тасқұл Дидар Дәулетұлы (Спиридоновка ауылының ЖБМ) ұсынуға шешім қабылдады.