"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімінің әдістемелік орталығы" КММ жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылғы 27 қарашада "Балбөбек" бөбекжай балабақшасы МКҚК базасында мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне арналған "Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған сөйлеуді дамыту бойынша дидактикалық ойындар" тақырыбында аудандық семинар өтті.Семинарға 20 педагог қатысты.
Семинардың ашылуында әдістемелік орталықтың меңгерушісі А.К. Контарбаева және "Балбобек" балабақшасының меңгерушісі М. А. Жақыпбекова құттықтау сөз сөйледі. Семинардың басында "Танысу" тренингі; Тимбилдинг-топтарды қалыптастыру; және позитивті көзқарас мақсатында "Көңілді тәпішкелер" ойыны өткізілді.
Семинар барысында тәрбиешілер әр жас тобындағы балалармен ашық сабақтар көрсетті.
"Почемучки" кіші орыс тобы, тақырыбы «Жемістер мен көкөністерді жинау» тәрбиешілер Мухамедиярова М.Д.; Темертасова Т.Н.
"Балдырған", орта қазақ тобы, тақырыбы "Сиқырлы сандық" тәрбиешілер Сарманова С.Е.; Бакешова М.К.
"Витаминка" орта орыс тобы, тақырыбы "Кішкентай сиқыршылар" тәрбиешілер Жигалова Е.Н; Друзюкова В.В.
Семинар бағдарламасына сәйкес "Балбөбек" бөбекжай балабақшасының әдіскері Мухамедиярова М.Д.; "Дидактикалық ойындар"тақырыбында презентация көрсетті. Іс-шараға қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, ұсыныстар айтылды. Семинар жоғары әдістемелік деңгейде өткізілді.
Семинар қорытындысында әдістемелік орталықтың әдіскері А. А. Калабаева семинардың қорытындысын шығарып, педагогтарға одан әрі жұмыс істеу үшін ұсыныстар берді.