Текст
Ағымдағы жылдың 25 желтоқсанында Егіндікөл ауданының жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары үшін аудандық мәдениет үйінде Егіндікөл ауданы әкімінің атынан жаңа жылдық шырша өткізу аясында "Жаңа жыл – ғажайыптар елі" атты театрландырылған карнавалдық – маскарадтық қойылым ұйымдастырылды. Мерекеге 100-ден астам бала қатысты. Олардың қатарында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар ұлдар мен қыздар, сондай-ақ оқуда, спортта, шығармашылықта және қоғамдық өмірде жетістіктерге жеткен дарынды балалар бар.