Экстернат-білім алушы сабаққа тұрақты қатыспай-ақ тиісті білім беру бағдарламасының оқу пәндерін өз бетінше оқитын оқыту нысандарының бірі.
Экстернат нысанында оқыту негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында беріледі:
* 1) денсаулық жағдайы туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы бар білім алушыларға;
* 2) шетелде уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының білім алушыларына, балаларына;
* 3) барлық оқу кезеңі ішінде барлық оқытылған пәндер бойынша "4" және "5" бағалары бар білім алушыларға
Экстернат нысаны бойынша оқуға рұқсат беру бойынша өтініш беру 5 сыныптан бастап оқитын балалар үшін қолжетімді
Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат алуға өтініш беріледі:
* денсаулық жағдайы туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы бар білім алушыларға-денсаулық жағдайы туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысын алған күннен бастап;
* шетелде уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының білім алушыларына, балаларына-олар кеткен күнге дейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей;
* барлық оқу кезеңі ішінде барлық оқытылған пәндер бойынша "4" және "5" бағалары бар білім алушыларға - ағымдағы оқу жылы басталғанға дейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей
Экстернат нысанында негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын игеруге жол беріледі:
* Дәрігерлік-консультациялық комиссияның денсаулық жағдайы туралы қорытындысы бар білім алушылар және шетелде уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының балалары үшін - бір оқу жылы ішінде бір сынып;
* Барлық оқу кезеңінде барлық оқытылған пәндер бойынша "4" және "5" бағалары бар білім алушылар үшін - бір оқу жылы ішінде бір немесе екі сынып.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар мен мүгедектерге экстернат нысанында оқыту бүкіл оқу кезеңіне беріледі
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен мүгедектер, егер бала тиісті білім беру бағдарламасының оқу пәндерін өз бетінше оқи алса, экстернат нысаны бойынша оқи алады.
Егер бала оқу пәндерін өз бетінше оқи алмаса, онда заңды өкіл "денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызметіне өтініш беруі қажет.