Педагогтерді аттестаттау 2025 жылдан бастап «Ұстаз» платформасы арқылы келесі санаттар үшін жүргізіледі: «педагог-модератор», «педагог-сарапшы».
Аттестаттауды өткізу кестесі:
- Портфолио материалдарын «Ұстаз» платформасында 31 наурызға дейін жүктеу;
- Өтініштерді қабылдау 11 сәуірге дейін.
ОЗП ҰТО кестесіне сәйкес өткізіледі, сәуір:
- 1-5 өтініш қабылдау, 7-17-тестілеу;
-15-20 – өтініштерді қабылдау, 18-25-тестілеу.
-1 тамызға дейін қызмет нәтижелерін кешенді жинақтау шеңберінде материалдарды (портфолионы) қарау, сабақтарды бақылау, аттестаттау комиссиясының хаттамасын қалыптастыру.
Біліктілік санаты үшін педагогтерге қосымша ақы төлеу аттестаттаушы органның бұйрығы негізінде 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап жүзеге асырылады.
Педагогтер ОЗП тапсырудан босатылады және келесі жағдайларда қызмет нәтижелерін кешенді жалпылаудан өтеді:
1) бұрын берілген біліктілік санаты расталған кезде
қолданыстағы жүйе бойынша педагогикалық өтілі бар педагогтар
30 және одан да көп жыл;
2) "педагог-модератор" біліктілік санатына "бірінші" немесе "жоғары" санаты бар педагогтер ауысқан кезде;
3) "педагог-зерттеуші" және "педагог-шебер" біліктілік санаттарын растау кезінде қатарынан екі реттен артық емес.
Аттестатталатын педагогтың құжаттарын тапсырғанға дейін құжаттама жинауды сүйемелдеу үшін білім беру ұйымының әкімшілігі, ал құжаттардың толықтығы мен дұрыстығы үшін педагог жауапты болады.
Педагогикалық өтілі жоқ жұмысқа қабылданған «педагог-стажер» үшін тәжірибелі педагогтар арасынан тәлімгер анықталады. Бір жыл өткеннен кейін «педагог-стажер» өтініш негізінде білім беру ұйымының бірінші басшысының бұйрығымен аттестаттау рәсімінен өтпей, сондай-ақ ОЗП тапсырусыз «педагог» санаты беріледі.