«Ұлы жеңіске 80 жыл» толуына орай 16 сәуірде Егіндікөл ауылындағы № 2 жалпы білім беретін мектеп базасында Егіндікөл ауданындағы жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Жас ұлан» әскери- спорттық байқауы өтті. Байқауға Қоржынкөл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі, Егіндікөл ауданының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі, Ұзынкөл ауылының жалпы орта білім беретін мектептері қатысты.
Байқау жеті номинация бойынша өткізілді:
1. Сап және ән байқауы
2. АК-74 Калашников автоматымен эстафета
3. Белтемірде тартылу
4. Әскерилендірілген эстафета
5. Оқжатарды оқтармен жасақтау
6. Сахналандырылған әскери-патриоттық ән байқауы
7. Арқаға жатып денені көтеру (пресс).
Жарыс қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:
1 орын: Қоржынкөл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі
2 орын: Ұзынкөл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі
3 орын: Егіндікөл ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз.