"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну"

22.04.2025

"Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну"

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы-ауданның білім бөлімі

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері-

- Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы " коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал).

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі-құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап, сондай – ақ порталға жүгінген кезде-5 (бес) жұмыс күні.

Көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған)\ қағаз түрінде

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - жалпы білім беру ұйымына және үйге тегін тасымалдауды ұсыну туралы анықтама немесе жағдайларда және негіздер бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" жіберіледі және сақталады.

 Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі-

Көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:

1) өтініш;

2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

3) "АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – АХАЖ АЖ) не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған мәліметтер болмаған кезде баланың (балалардың) электрондық нысандағы туу туралы куәлігі немесе оның қағаз жеткізгіштегі көшірмесі;

4) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарға қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқу орнынан анықтама.

Салыстырып тексеру үшін құжаттар түпнұсқада ұсынылады, содан кейін түпнұсқалар көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады;

порталға:

1) Ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеу және порталдың есептік жазбасына қосу кезінде көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

2) АХАЖ АЖ мәліметтері болмаған не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған баланың (балалардың) туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;

3) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарға қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқу орнынан анықтаманың электрондық көшірмесі.

 

 

 

 

Просмотров: 306


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст