Құрметті әріптестер, қадірлі жерлестер!
Сіздерді еліміздің аса қастерлі мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіз Қазақстанның Туы, Елтаңбасы мен Әнұраны – халқымыздың бірлігі мен тұтастығын, өткен тарихы мен кемел болашағын бейнелейтін айрықша құндылықтар. Бұл рәміздер – әрбір азаматтың жүрегінде отансүйгіштік пен мақтаныш сезімін ұялататын киелі белгілер.
Мемлекеттік рәміздерді қастерлеу – елімізге деген сүйіспеншіліктің, азаматтық жауапкершіліктің айқын көрінісі. Әсіресе, өскелең ұрпақтың бойына ұлттық рухты, елжандылықты сіңіруде бұл мерекенің маңызы ерекше.
Білім беру саласының өкілдері ретінде біз жас ұрпақты мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға, елін, жерін сүюге тәрбиелеуді басты міндетіміз деп білеміз. Осы орайда, Сіздердің баршаңызға табыс, отбасыларыңызға амандық, елімізге тыныштық пен гүлдену тілеймін!
Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы! Тәуелсіздігіміз мәңгі, көк туымыз асқақ болсын!
Құрметпен, Каратаев Турар Батыргалиевич,
Егіндікөл аудандық білім бөлімінің басшысы .