Текст
Негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2025 жылғы 23 қыркүйек күні Егіндікөл ауылының орталық стадионында Егіндікөл ауданының жалпы білім беретін мектептерінің 5-6 сынып оқушылары арасында ұлттық Мектеп лигасы бағдарламасында футболдан жарыс өтті..
Жарысқа ауданның мектептерінен 5 командадан 45 оқушы қатысты.
Аудандық жарыс бойынша орындар келесідей бөлінді:
1 орын: Егіндікөл ауылының № 2 жалпы білім беретін мектебі
2 орын: Егіндікөл ауылының № 1 жалпы білім беретін мектебі
3 орын: : Көркем ауылының негізгі орта мектебі.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз.