Мұғалімдер күні кәсіби мерекесі қарсаңында аудандық білім бөлімі басшысы Тұрар Қаратаев аудан әкімі Юрий Курушинмен бірге педагогикалық еңбек ардагерлері Бақыт Аманжолқызы Аманжолова мен Татьяна Николаевна Папенованы арнайы барып құттықтады.
Жылы жүздесу барысында көпжылдық еңбегі, білім беру жүйесін дамытуға және жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан зор үлестері үшін алғыс сөздері айтылды. Ардагерлердің жанқиярлығы мен мамандығына адалдығының арқасында бүгін ауданымыз түлектерімен және қалыптасқан педагогикалық дәстүрлерімен мақтана алатыны атап өтілді.
Тұрар Батыргалиевич ұстаздардың ел болашағын қалыптастырудағы ерекше рөліне, ұстаздар әулеті арасындағы сабақтастықты сақтаудың маңыздылығына тоқталып, ардагерлердің тәжірибесі мен ақыл-кеңестері жас мамандар үшін құнды үлгі екенін атап өтті.
Ардагерлерге естелік сыйлықтар табысталып, денсаулық, амандық және ұзақ ғұмыр тілектері жолданды.