«Ұстазға деген шексіз құрмет» педагогтар форумы
30 қыркүйек күні, Мұғалімдер күні қарсаңында, Егіндікөл ауылының №1 жалпы білім беретін мектебі базасында педагогикалық форум өтті. Форумға педагогикалық еңбек ардагерлері мен жас мамандар қатысты.
Іс-шараның құрметті қонақтары – Егіндікөл ауданының әкімі Юрий Викторович Қурушин, білім бөлімі басшысы Тұрар Батырғалиұлы Қаратаев және «AMANAT» партиясы Егіндікөл аудандық филиалының төрайымы Ольга Анатольевна Топоркова болды.
Форум педагогикалық қауымдастық пен аудан басшылығының маңызды кездесуіне айналды. Мұнда ардагер ұстаздардың тәжірибесі мен даналығы жас педагогтердің жігері мен тың идеяларымен тоғысты.
Педагогикалық еңбек ардагерлері естеліктерімен, әдістемелік тәжірибелерімен бөлісіп, жас әріптестеріне ақыл-кеңестерін айтып, ұстаздық мамандық – жүректің қалауы мен балаларға деген сүйіспеншілікке негізделген ұлы қызмет екенін атап өтті.
Жас педагогтар өздерінің заманауи білім беру жөніндегі көзқарастарын ортаға салып, жаңа технологияларды енгізу, инновациялық әдістер мен шығармашылық ізденістер жөнінде баяндады.
Өз сөзінде білім бөлімі басшысы Тұрар Батырғалиұлы осындай кездесулер ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтып, білім беру жүйесінің үздік дәстүрлерін сақтауға және дамытуға ықпал ететінін айтты.
Форум жылы, шынайы атмосферада өтті. Ол қатысушыларға ерекше шабыт сыйлап, ұстаздық еңбектің маңыздылығын тағы бір мәрте айқындады.
Барлық қатысушыларға белсенділік пен жүрекжарды лебіздері үшін алғыс білдіреміз!