"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мұғалімдер күніне арналған мерекелік концерт

02.10.2025

2025 жылғы 2 қазан күні аудандық Мәдениет үйінде Мұғалімдер күніне арналған мерекелік концерт өтті.
Залда мектеп пен мектепке дейінгі мекемелердің педагогтары, педагогикалық еңбектің ардагерлері, әкімшілік өкілдері және ата-аналар қауымдастығы жиналды.
Қатысушыларға Егіндікол ауданының әкімі Юрий Викторович  Қурушин мен білім бөлімінің басшысы Тұрар Батырғалиұлы Қаратаев құттықтау сөзін жолдады. Өз сөздерінде олар ұстаздық мамандықтың маңыздылығын атап өтіп, мұғалімдерге ісіне адалдығы, төзімі және жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Үздік педагогикалық қызметкерлерге Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табысталды.
Мерекелік көңіл-күйді аудандық Мәдениет үйінің және мектептердің шығармашылық ұжымдары дайындаған концерттік бағдарлама жалғастырды. Көрермендерге әсем музыкалық нөмірлер мен мектеп тақырыбына арналған сахналық қойылымдар ұсынылды.
Шынайы алғыс сөздері, жүрекжарды эмоциялар мен зор қошемет әрбір өнерпаздың өнерін сүйемелдеді.
Бұл шара ұстаздық мамандықтың әлі де қоғамдағы ең қадірлі әрі ең маңызды мамандықтардың бірі екенінің айқын дәлелі болды.      

Просмотров: 275


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст