"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Әскерилендірілген кросс

08.10.2025
“Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі” негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 8 қазанында Егіндікөл ауылының орталық стадионында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында аудандық “Әскерилендірілген кросс” жарысы өтті.
Жарыс командалық эстафета түрінде ұйымдастырылды. Кросс қашықтығы — 2000 метр.
Жарыс ережесіне сай, жүгіріс барысында қатысушылар пневматикалық винтовкамен ату және граната лақтыру жаттығуларын орындады.
Командалық есеп бойынша:
• 1-орын – Қоржынкөл жалпы орта білім беретін мектебі;
• 2-орын – Егіндікөл ауылының №2  жалпы орта білім беретін мектебі;
• 3-орын – Ұзынкөл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі.
Спортшыларды құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!
Просмотров: 516


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст