Текст
📚 Ауыл оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі
8–10 қазан аралығында 9–11 сынып оқушылары арасында ауыл оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтеді.
Биыл олимпиадаға аудан мектептерінен 71 оқушы қатысуда.
Бүгін, 8 қазан күні, Егіндікөл ауылының №1 жалпы білім беретін мектебі базасында төрт пән бойынша олимпиада өтуде: химия, география, математика және информатика.