"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Үздік дене шынықтыру мұғалімі-2025".

21.10.2025

Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектеп базасында "Үздік дене шынықтыру мұғалімі - 2025"облыстық байқауының аудандық кезеңі өтті. 
Байқау мұғалімнің кәсіби және шығармашылық қызметін дамытуға, білім беру процесін ұйымдастыруда жаңа педагогикалық технологияларды қолдауға, дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған. 
Байқауға қатысушылар өздерінің кәсіби тәжірибелері мен спорттық-бұқаралық іс-шараларының ұсынды. Мұғалімдер оқытудың практикалық әдістері мен терминологияны, көрнекі құралдарды, АКТ-ны қолдана отырып, бейтаныс сыныпта ашық сабақтар өткізді.
Егіндікөл ауылының № 1, Егіндікөл ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің  оқушылары өткізілген ашық сабақтарға белсенді қатысты. 
Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар жүлделі орындарға ие болып, номинация иегерлері атанды: 
🥇 I орын - Алпыс Арғын Қойлыбайұлы, Тоғанас ауылының орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі 
ІІ орын-  Савин Анатолий Вячеславович, Егіндікөл ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі 
ІІІ орын-  Ажмағанбет Сәбит Өмірзақұлы, Егіндікөл ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.
Номинациялар бойынша: 
"Креативті мұғалім" - Башарова Айнұр Нұрлыбекқызы, Ұзынкөл ауылының ЖОББМ 
«Заманауи дене шынықтыру сабағы» – Кабишев Косман Сайлаубаевич, Полтавск ауылының ЖОББМ
"Үздік спорттық-бұқаралық іс-шара" - Нурумов Рашид Джаугаштыевич.
 Барлық мұғалімдерімізге шығармашылық шабыт, мықты денсаулық және кәсіби табыс тілейміз! 
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз, барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз! 
Дені сау ұрпақ ұлы ұстаздан басталады!

Просмотров: 90


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст