Жаратылыстану-математикалық пәндері бойынша отырысы
29.10.2025
Негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес 2025 жылғы 29 қазанда Егіндікөл ауылының №2 жалпы білім беретін мектебінде жаратылыстану-математикалық пәндері бойынша отырысы өткізілді.
Жиналысқа Егіндікөл ауданының жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндері бойынша 7 мұғалім қатысты.
Кездесу барысында келесі мәселелер талқыланды:
▪ 2025-2026 оқу жылының 1 тоқсанындағы білім сапасы
▪ Олимпиадалар мен ғылыми жобаларға дайындық
▪ Оқытудағы заманауи цифрлық ресурстар
Мұғалімдер әдістемелік тәжірбиелерімен бөлісті, шағын презентациялар өткізді және алдағы оқу кезеңіне жоспарларын талқылады.
Ашық сабақтар өткізу, жаңа материалдар әзірлеу және пәнаралық сабақтарды күшейту туралы шешімдер қабылданды.
Просмотров: 5172