21.11.2025
Ағымдағы жылдың 21 қараша күні аудандық «Табиғат адамзатқа аманат» онлайн турнирі өткізілді. Туриниге Егіндікөл ауылының № 1 , № 2 жалпы орта білім беретін мектептері, Спиридоновка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі, Коркем ауылының негізгі орта білім беретін мектебі оқушылары қатысты.
Туринирдің мақсаты: Оқушыларға экологиялық тәрбие беру, олардың табиғат туралы білімдерін кеңейту.
Комисия шешімімен аудандық «Табиғат адамзатқа аманат»» онлайн турнирінің номинацияларының қорытындысы келесідей|:
«Өзін таныстыру» номинациясында:
I орын - Егіндікөл ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі.
II орын иеленген Егіндікөл ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі.
III орын иеленген Көркем ауылының негізгі орта білім беретін мектебі.
«Экологиялық туризм» номинацяисында:
I орын иеленген Егіндікөл ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі.
«Экологиялық қоңырау» номинациясында:
I орын иеленген Егіндікөл ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі.
«Эко әлем» номинациясында:
III орын иеленген Спиридоновка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі.
Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз. Облыстық кезеңде сәттілік тілейміз.