21.11.2025
Ұлы Отан соғысының батыры Әлия Нұрмұхамедқызы Молдағұлованы еске алуға арналған «Намыс» Спартакиадасы бағдарламасындағы Егіндікөл ауданының жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында «Мерген Ару-2025» пневматикалық винтовкасынан атыс бойынша аудандық жарысы өткізілді. Байқауға Егіндікөл ауданының № 1, № 2 жалпы орта білім беретін мектебі, Спиридоновка, Қоржынкөл ауылының жалпы орта білім беретін мектептері қатысты.
Байқау екі номинация бойынша өткізілді:
1. Жаттығу атауы: ПВ – 1 – шынтақпен бағанаға немесе тіреуге сүйеніп, тұрып ату;
2. ПВ – 2 – тіреусіз, тұрып ату;
Жарыс қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:
1 орын: Қоржынкөл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі
2 орын: Спиридоновка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі
3 орын: Егіндікөл ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз.