Текст
04.12.2025
Егіндікөл ауданының білім бөлімінің негізгі іс-шараларының жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 4 желтоқсан күні Егіндікөл ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінде 14-18 жас аралығындағы оқушылар арасында «Айбын-2025» аудандық патриоттық жастар жиыны өтті. Жарысқа ауданның 4 жалпы орта білім беретін мектебінен 40 оқушы қатысты.
Жиының қорытындысы келесідей:
1 орын: Егіндікөл ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі
2 орын: Қоржынкөл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі
3 орын: Егіндікөл ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз.