12.12.2025
2025 жылдың 12 желтоқсанында Ақмола облысы, Егіндікөл ауданы, «Егіндікөл ауылының №2 жалпы орта мектебі» КММ базасында "Инновациялық білім беру навигаторы: тәжірибе, зерттеу, практикалық білім " тақырыбында аудандық семинар-практикум өтті.
Шара «Білімді жастар» Жас педагогтар Одағының Жұмыс жоспары аясында ұйымдастырылып, аудан педагогтарының кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталды.
Семинар жұмысына әдістемелік кабинет өкілдері, ауданның педагог-зерттеушілері – Бутьковец Валентина Ивановна, Бутьковец Светлана Ивановна, Утебаева Жанаргуль Сериковна, Қуанышбекова Мендыгүл Абдрахмановна, Қалиакбарова Қарашаш Балкеновна және жас педагогтар қатысты.
Семинарды білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Контарбаева Айжан Қанатбековна ашып, қатысушыларды құттықтау сөзін айтты. Негізгі тақырып бойынша бөлімнің методисті Ибраева Гүзель Рамилевна сөз сөйлеп, заманауи білім берудегі инновациялардың негізгі бағыттарын, зерттеу қызметінің рөлін және практикалық-бағытталған әдістердің оқыту сапасын арттырудағы маңызын түсіндірді.
Бағдарлама аясында қатысушыларға интерактивті презентациялар, практико-зерттеу жұмысы, шығармашылық және зерттеу шеберханалары ұсынылды.
Теориялық және практикалық бөлімнен кейін қатысушылар 7-сынып және 1-сыныптағы ашық сабақтарға қатысып, мұғалімдер сандық технологиялар, белсенді оқыту және зерттеу әдістерінің элементтерін көрсетті.
Семинардың соңғы кезеңі инновациялық педагогикалық практика жобалауға арналған коучинг-сессия және бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілетін дамытуға арналған сабақтар болды.
Шара қорытындысында қатысушылар семинардың практикалық маңыздылығын, тәжірибе алмасу мүмкіндігін, кәсіби өсуге мотивацияны арттыру мен заманауи білім беру технологияларын оқу процесіне енгізу мүмкіндігін атап өтті.
Семинар-практикум нәтижелі өтті, ынтымақтастық, шығармашылық және кәсіби қолдау атмосферасында ұйымдастырылды.