Аудан психологтары мен әлеуметтік педагогтарының отырысы
18.12.2025
2025 жылы 18 желтоқсан күні Егіндікөл ауылының № 2 ЖОББ мектебінің базасында аудан психологтарының және әлеуметтік педагогтарының кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында келесі сұрақтар қарастырылды:
- Мектеп психологтары мен әлеуметтік психологтарының құжаттарын, сауалнамалардың хаттамаларын қарап, әдістемелік көмек көрсету.
- 1 жартыжылдық бойынша сараптамалық есеп Қоржынкөл ЖОББМ және Тоғанас НОМ психологтарының жұмысы.
- «Балалар мен жасөспірімдерде жыныстық тәрбие берудің өзекті мәселелері»
- «Кәмелетке толмағандарда суицидтік мінез-құлық белгілерін анықтау»
- Әртүрлі сұрақтар.
Отырыс барысында Қоржынкөл ЖОББМ мектебінің психологі Зулкарнаева И.Б. және Тоғанас НОМ психологі Мухамеджанова Г.Р. 1 жартыжылдықта мектеп бойынша аққарылған жүмыстарымен бөлісті. № 2 ЖОББМ психологі Ефремова Д.С. 3. «Балалар мен жасөспірімдерде жыныстық тәрбие берудің өзекті мәселелері» тақырыбы бойынша мектепте атқарылған жұмыстары мен бөлісіп, жұмысты ұйымдастыру бойынша кеңестер берді.№1 ЖОББМ психологі Абдраева Ш.А. - «Кәмелетке толмағандарда суицидтік мінез-құлық белгілерін анықтау» тақырыбы бойынша тәжірибе алмасып, жұмыс барысында қолданатын әдіс- тәсілдерімен бөлісіті. Сонымен қоса отырыс барысында психологтар мен әлеуметтік педагогтардың құжаттары тексеріліп, сұрақтарға жауап алынды.