31.12.2025
Құрметті отандастар!
Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Өтіп бара жатқан жыл ел есінде маңызды жетістіктерімен, бірлескен жемісті еңбегімен және кәсіби дамумен сақталсын.
Жаңа жыл – әрдайым жаңа үміттердің, жоспарлар мен мүмкіндіктердің бастауы. Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке, ертеңгі күнге деген сенім, шабыт пен барлық бастамаларыңызға сәттілік тілеймін. Отбасыларыңызда тыныштық пен татулық, жылылық пен өзара түсіністік орнасын, ал білім беру ұйымдарында жасампаздыққа, ынтымақтастыққа және дамуға ұмтылатын орта қалыптассын.
2026 жыл жаңа идеяларға, жарқын жетістіктерге толы болып, тұрақтылықтың, игі өзгерістер мен кәсіби жеңістердің жылы болсын!
Құрметпен,
Тұрар Батырғалиұлы Қаратаев
Егіндікөл ауданы бойынша
білім бөлімінің басшысы