"Жаңа жыл – ғажайыптар елі"

29.12.2025

Ағымдағы жылдың 29 желтоқсанында Егіндікөл ауданының жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары үшін аудандық мәдениет үйінде Егіндікөл ауданы әкімінің атынан жаңа жылдық шырша өткізу аясында "Жаңа жыл – ғажайыптар елі" атты театрландырылған карнавалдық – маскарадтық қойылым ұйымдастырылды. Мерекеге 100-ден астам бала қатысты. Олардың қатарында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар ұлдар мен қыздар, сондай-ақ оқуда, спортта, шығармашылықта және қоғамдық өмірде жетістіктерге жеткен дарынды балалар бар. 
Бұл мереке жаңа жетістіктерге шабыт берсін, Ал Жаңа жыл қуаныш, денсаулық және ең қымбат тілектердің орындалуын әкелсін!

Просмотров: 4492


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу