"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Менің әкем-полиция қызметкері» аудандық онлайн суреттер көрмесінің қорытындылары

23.01.2026

«Заң және тәртіп» идеологемасын іске асыру аясында ағымдағы жылдың 23 қаңтарында мектепке дейінгі жастағы балалар арасында «Менің әкем-полиция қызметкері» атты аудандық онлайн суреттер көрмесі өткізілді.

Көрмеге мектепке дейінгі ұйымдардың 6 тәрбиеленушісі қатысты:

  • 4 жас санаты бойынша — 3 бала,
  • 5 жас санаты бойынша — 3 бала.

Жас қатысушылар өздерінің шығармашылық жұмыстары арқылы полиция қызметкері мамандығына деген құрметтерін білдіріп, құқықтық тәртіп сақшысының оң бейнесін көрсетті, сондай-ақ қиялдары мен көркемдік қабілеттерін таныта білді. Ұсынылған барлық суреттер шынайылығымен, ұқыптылығымен және қойылған тақырыпқа сай болуымен ерекшеленді.

Балалар мен педагогтарға белсенді қатысқандары, шығармашылық көзқарастары және өсіп келе жатқан ұрпақтың полиция қызметкері мамандығына құрметі мен құқықтық мәдениет негіздерін қалыптастыруға қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз.

 

 

Просмотров: 339


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст