29.01.2026
29 қаңтарда Егіндікөл ауданында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында "Мерген-2026" пневматикалық винтовкадан ату бойынша аудандық жарыс өтті. Жарысқа Егіндікөл ауылының № 1, № 2 ЖОББМ, Ұзынкөл, Қоржынкөл, Спиридоновка ауылдарының жалпы орта білім беретін мектептері қатысты.
Жарыстың мақсаты: оқушылар арасында әскери-патриоттық жұмысты жетілдіру, тәртіпті, дәлдік пен жауапкершілікті қалыптастыру.
Жарыс екі бағдарлама бойынша өткізілді:
• ПВ-1-тізеден ату;
• ПВ-2-тоқтаусыз тұрып ату.
Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, бәсекеге қабілетті рухты және жеңіске деген ұмтылысты көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша үздік атқыштар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен марапатталды
Жарыс қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:
1 орын: Егіндікөл ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі
2 орын: Қоржынкөл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі
3 орын: Спиридоновка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі
Іс-шара оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие беруді нығайту мен ауданда ату спортын насихаттаудағы маңызды қадам болды.