"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру одағы: үздік тәжірибе» аудандық сырттай конкурсының қорытындылары

29.01.2026

«Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру одағы: үздік тәжірибе» аудандық сырттай конкурсының қорытындылары

«Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі» ММ-нің жоспарына сәйкес мектепке дейінгі және бастауыш білім беру арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету бойынша тиімді тәжірибені анықтау, жинақтау және тарату мақсатында «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру одағы: үздік тәжірибе» тақырыбында 2026 жылдың 29 қаңтарында аудандық сырттай байқау өткізілді аудандық сырттай конкурс өткізілді.

Конкурсқа Егіндікөл ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен мектептердің мектепалды сыныптарынан барлығы 10 педагог қатысты. Қатысушылар мектепке дейінгі және бастауыш білім беру педагогтарының өзара тиімді ынтымақтастығын көрсететін тәжірибеге бағытталған материалдарды, білім беру процесін ұйымдастырудағы инновациялық тәсілдерді ұсынды.

Конкурстық жұмыстар аудандық комиссиямен, яғни білім бөлімінің әдіскерлері тарапынан келесі өлшемдер бойынша бағаланды: конкурс мақсатына сәйкестігі, ұсынылған тәжірибелердің инновациялық сипаты, нәтижелілігі, практикалық маңыздылығы және материалдардың рәсімделу сапасы.

Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

I орын:

Туякова Динара Умурзақовна (Көркем ауылының негізгі орта мектебі)

II орын:

Смагулова Гүлден Құрмашевна (Егіндікөл ауылының №1 жалпы білім беретін мектебі)

Аппасова Әдемі Қанатқызы (Тоғанас ауылының негізгі орта мектебі)

III орын:

Мұхамеджанова Гүлзира Рамазанқызы (Тоғанас ауылының негізгі орта мектебі)

Друзюкова Валентина Васильевна (Егіндікөл ауылының «Балбөбек» бөбекжайы)

Сарманова Сапаргүл Елүбайқызы (Егіндікөл ауылының «Балбөбек» бөбекжайы)

Конкурс жеңімпаздары білім бөлімінің грамоталарымен марапатталады.

Туякова Динара Умурзақованың үздік тәжірибесі таратуға ұсынылып, облыстық кезеңде таныстырылатын болады.

 

 

Просмотров: 313

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст