"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Егіндікөл ауданында "Адал азамат" бағдарламасын іске асыру бойынша мектепке дейінгі білім беру педагогтарына арналған аудандық семинар-практикум өтті

09.02.2026

Егіндікөл ауданында «Адал азамат» бағдарламасын іске асыру бойынша аудандық семинар-практикум өтті

2026 жылғы 9 ақпанда Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Егіндікөл ауылының «Балбөбек» бөбекжайы» МКҚК базасында
«Бірыңғай тәрбие бағдарламасы „Адал азамат“-ты мектепке дейінгі ұйымдарда іске асыру: құндылықтардан тәжірибеге» тақырыбында аудандық семинар-практикум өткізілді.

Семинардың мақсаты – мектепке дейінгі ұйым педагогтарының кәсіби құзыреттілігін арттыру, «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасының құндылықтарын білім беру үдерісіне тиімді енгізу тәжірибесін тарату.

Семинар жұмысына ауданның балабақша тәрбиешілері, шағын орталық тәрбиешілері және мектеп алдындағы даярлық сынып педагогтары қатысты.

Іс-шараның модераторлары:
Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімінің әдіскері Ибраева Гузель Рамильевна, сондай-ақ «Балбөбек» бөбекжайы әкімшілігінің өкілдері Кулахметова Жанат Маратовна және Куанышева Нурбала Ибрагимовна.

Семинар барысында «Адал азамат» бағдарламасын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында іске асырудың теориялық және практикалық аспектілері қарастырылды. Қатысушылар тренингтерге, іскерлік және сюжетті-рөлдік ойындарға, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарға, коучинг-сессияға қатысып, инновациялық технологияларды қолдану тәжірибесімен, соның ішінде Matatalab білім беру роботын пайдалану үлгілерімен танысты.

Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес адалдық, әділдік, жауапкершілік сияқты құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған практикалық жұмыстар қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Семинар соңында педагогикалық тәжірибеге рефлексия жасалып, іс-шара қорытындыланды. Ұсынылған материалдардың педагогтардың күнделікті жұмысында қолдануға маңыздылығы атап өтілді.

Аталған семинар педагогтардың тәжірибе алмасуына мүмкіндік беретін тиімді алаңға айналып, Егіндікөл ауданының мектепке дейінгі ұйымдарындағы тәрбие жұмысының сапасын арттыруға ықпал етті.

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 215


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст