"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Талантты мұғалім – дарынды балаларға» республикалық педагогикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өтті

10.02.2026

2026 жылғы 10 ақпанда қашықтық форматта «Талантты мұғалім – дарынды балаларға» республикалық педагогикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өтті.

Педагогикалық олимпиаданың мақсаты – жас педагогикалық қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін дамытуға және өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау, жас мұғалімдердің білім беру жүйесін жетілдіруге белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру.

Байқау тапсырмалары қатысушылардың кәсіби шеберлік деңгейін, шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыру қабілетін, инновациялық қызметке дайындығын және өз педагогикалық тәжірибесіне рефлексия жасау дағдыларын анықтауға бағытталды. Қатысушылар нақты білім беру процесі жағдайында жұмыс істей алуын, заманауи педагогикалық технологиялар мен ақпараттық-коммуникациялық құралдарды қолдану біліктілігін көрсетті.

Байқау жұмыстары белгіленген бағалау критерийлеріне сәйкес бағаланды. Атап айтқанда: ұсынылған материалдардың жүйелілігі мен дәлелділігі, кәсіби дамудың динамикасы, мазмұнның толықтығы мен әртүрлілігі, эстетикалық безендірілуі, жалпы мәдениет деңгейі, коммуникативтік дағдылар, сондай-ақ өзіндік таныстырылым мен сабақ фрагменттерінің сапасы ескерілді.

Олимпиада қорытындысы бойынша орындар төмендегідей бөлінді:

І кезең – жас педагогтар
1 орын – Дымыд Дарья Михайловна, Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімінің «Егіндікөл ауылы №2 жалпы білім беретін мектебі» КММ педагогы;
2 орын – Әбибекұлы Шыңғысхан, Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімінің «Ұзынкөл ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ педагогы;
3 орын – Шахман Нұрай Айтбайқызы, Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімінің «Егіндікөл ауылы №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ педагогы.

ІІ кезең – педагог-психологтар
1 орын – Джакубаева Оксана Алексеевна, Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімінің «Балбөбек» бөбекжай-бақшасы» МКҚК педагог-психологы;

2 орын – Ефремова Диана Сергеевна, Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімінің «Егіндікөл ауылы №2 жалпы білім беретін мектебі» КММ педагог-психологы.

ІІІ кезең – тәлімгер-вожатылар
1 орын – Темірбаева Тұрсынай Табынбекқызы, Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімінің «Егіндікөл ауылы №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ тәлімгері;

Қабылданған шешім:
«Талантты мұғалім – дарынды балаларға» байқауының облыстық кезеңіне қатысу үшін келесі педагогтарды жіберу: Дымыд Дарья Михайловна, Джакубаева Оксана Алексеевна, Темірбаева Тұрсынай Табынбекқызы.

Олимпиада қорытындысы бойынша қатысушылардың басым бөлігі кәсіби мотивацияның, педагогикалық бастамашылдықтың және инновациялық қызметке дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті. Олимпиада педагог мамандығының беделін арттыруға, жас мамандар арасында кәсіби қарым-қатынас орнатуға және тәжірибе алмасуға қолайлы жағдай жасады.

Просмотров: 32


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст