Текст
11.02.2026
2026 жылдың 9- 11 ақпан аралығында Көкшетау қаласында 7 – 11 сынып оқушылары арасында «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. Егіндікөл ауданының атынан облыстық кезеңге 5 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша:
Егіндікөл ауылының 10 сынып оқушысы Жылқыбай Інжу ««Жас қаламгер» (жазбаша шығармашылық жұмыс) номинациясянда 3 жүлделі орынға ие болды.
Полтавск ауылының 10 сынып оқушысы Ислям Қарлығаш «Әнші бұлбұлдар» номинациясында мақтау қағазымен марапатталды.
Оқушыларды құттықтай отырып, жетекшілеріне алғыс айтамыз.