24.02.2026
2026 жылғы 16–24 ақпан аралығында мектепке дейінгі жастағы балалардың өрт қауіпсіздігі және өмір қауіпсіздігі мәдениеті саласындағы дағдыларын қалыптастыру жұмысын күшейту мақсатында «Бірыңғай өрт қауіпсіздігі күні» акциясы ұйымдастырылды.
Аталған акция Егіндікөл ауданының мектепке дейінгі ұйымдары арасында 3, 4 және 5 жастағы тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктерін ескере отырып өткізілді.
Акция аясында:
топтарда өрт сөндіру құралдарының болуы қамтамасыз етіліп, эвакуацияға арналған қажетті материалдармен қауіпсіздік бұрыштары безендірілді;
өрт қауіпсіздігі тақырыбында сюжеттік-рөлдік, дидактикалық, қимылды, дамытушы, квест және басқа да ойындар ұйымдастырылды;
ата-аналармен бірлесіп жергілікті төтенше жағдайлар бөлімшелеріне экскурсиялар өткізілді;
өрт қауіпсіздігі бойынша бейнероликтер мен мультфильмдер көрсетілді;
төтенше жағдайлар бөлімшелерінің мамандарымен (өрт сөндірушілер, құтқарушылар) кездесулер ұйымдастырылды.
Акцияға барлығы 81 тәрбиеленуші, 9 ата-ана, 174 педагог және ауданның 8 мектепке дейінгі ұйымы қатысты.
Акция барысында балаларға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаудың маңыздылығын түсіндіруге және төтенше жағдайларда қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға ерекше назар аударылды.