06.03.2026
«Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала» аудандық қолөнер байқауы
2026 жылғы 6 наурызда Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі ұйымдастыруымен мектепке дейінгі жастағы балалар мен олардың ата-аналары арасында «Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала» атты аудандық қолөнер байқауы өтті.
Байқауға ауданның жалпы білім беретін мектептеріндегі мектепалды даярлық сыныптарының тәрбиеленушілері және мектепке дейінгі ұйымдардың балалары ата-аналарымен бірге қатысты. Байқауға әртүрлі материалдардан жасалған 18 шығармашылық жұмыс ұсынылды. Қатысушылар өздерінің қиялын, шығармашылығын және шеберлігін көрсетіп, ата-ана мен бала арасындағы жылы ынтымақтастықтың үлгісін танытты.
Қазылар алқасы ұсынылған жұмыстардың шығармашылық деңгейінің жоғары екенін, идеялардың ерекшелігі мен әртүрлілігін атап өтті.
🏆 Байқау қорытындысы:
🥇 I орын – Руслан Азеля (Егіндікөл ауылы №1 ЖОББМ)
🥈 II орын – Төлеубек Жанали (Көркем ауылы ЖОББМ), Вакасов Алан (Егіндікөл ауылы №2 ЖОББМ)
🥉 III орын – Деменковец Марк (Егіндікөл ауылы №2 ЖОББМ), Глухова Злата (Спиридоновка ауылы ЖОББМ), Арнгольд Аделина (Ұзынкөл ауылы ЖОББМ)
👏 Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушылар мен ата-аналарға белсенді қатысқандары, шығармашылық ізденістері және балалар бастамаларын қолдағандары үшін алғыс білдіреміз!
Байқау жеңімпазы Руслан Азеляның жұмысы келесі облыс кезеңге жіберілді.
Осындай іс-шаралар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, отбасы мен білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және балалардың еңбек пен шығармашылыққа қызығушылығын қалыптастыруға ықпал етеді.