06.03.2026
«Ханталапай» аудандық ұлттық ойындар байқауы
2026 жылғы 6 наурызда Егіндікөл ауданында мектепке дейінгі жас балалар арасында «Ханталапай» ұлттық ойындар байқауы өтті. Байқауды ұйымдастырған: Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі, Ақмола облысы білім басқармасы.
Байқаудың мақсаты – балаларға ұлттық ойындарға қызығушылықты дамыту, қазақ халқының мәдени мұрасына және дәстүрлеріне мақтаныш сезімін қалыптастыру.
Байқауға ауданның 12 командасы қатысты. Қатысушылар тапқырлықтарын, шапшаңдықтарын және командалық рухтарын көрсетті, ал олардың ойындары видеоролик түрінде бағаланды.
🏆 Байқау қорытындысы:
I орын: Тоғанас ауылының негізгі орта мектебінің мектепалды даярлық сынып командасы
II орын: Спиридоновка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің «Солнышко» шағын орталығының командасы, Балбөбек бөбекжай-бақшасының «Айгөлек» тобының командасы
III орын: Қоржынкөл ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің командасы, Балбөбек бөбекжай-бақшасының «Балдырған» тобының командасы, Балбөбек бөбекжай-бақшасының «Всезнайка» тобының командасы.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер білім бөлімінің грамоталарымен марапатталды. Жеңімпаз команда : Тоғанас ауылының негізгі орта мектебінің мектепалды даярлық сынып командасы облыстық кезеңге қатысады.
Барлық қатысушыларды белсенді қатысқандары, шығармашылық ізденістері және ұлттық ойындарға деген қызығушылықтары үшін құттықтаймыз!