06.03.2026
Ағымдағы жылдың 6 наурыз күні «Менің туған жерім» сырттай бейнеролик байқауының аудандық кезеңі өткізілді. Аудандық кезеңге Ұзынкөл, Спиридоновка, Полтавск, Бауман, Егіндікөл ауылының № 1, № 2 жалпы орта білім беретін мектебі, Көркем, Тоғанас ауылдарының негізгі орта мектебінің оқушылары қатысты.
Байқаудың мақсаты: білім алушылардың бойында патриотизм сезімін және туған өлкеге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
Комисия шешімімен «Менің туған жерім» сырттай бейнероликтер байқауының қорытындысы келесідей|:
5-7 сынып жас ерекшеліктері бойынша:
1 орын иеленген Спиридоновка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Жамкен Гүлнұр Кабиденқызы
2 орын иеленген Полтавское ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Рубец Виталина
3 орын иеленген Тоғанас ауылының негізгі орта білім беретін мектебінің оқушысы Мажит Аяна
8-10 сынып жас ерекшелік санаттары бойынша:
I орын иеленген Егіндікөл ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Жұмажан Дильназ Дәуренова
II орын иеленген Ұзынкөл ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Баковец Евгений
III орын иеленген Егіндікөл ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Резникова Кристина