"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бастауыш сынып мұғалімдері қауымдастығының отырысы

16.03.2026

2026 жылғы 16 наурызда Егіндікөл ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі базасында бастауыш сынып мұғалімдері қауымдастығының отырысы өтті.
Семинар тақырыбы: "Қызықты сабақтан сәтті нәтижеге дейін: бастауыш сынып оқушыларын МОДОҒ-ға дайындаудың тиімді тәжірибелері".
Отырыс жұмысына ауданның 9 мектебінен бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты педагогикалық тәжірибе алмасу, оқытудың тиімді әдістерін талқылау, сондай-ақ бастауыш сынып оқушыларын білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингтеуге дайындау тәжірибесін жетілдіру болды.
Семинар бағдарламасы аясында педагогтар ашық сабақтар өткізді, онда оқу процесін ұйымдастырудың заманауи тәсілдері, оқытудың белсенді әдістерін қолдану, сондай-ақ бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту әдістері көрсетілді. Сонымен қатар, қатысушылар үшін мастер-класстар ұйымдастырылды, оның барысында педагогтар оқушыларды МОДО-ға дайындаудың тиімді тәжірибелерін ұсынды.

Просмотров: 251


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст