17.03.2026
Негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес 2026 жылғы 16 наурызда аудандық Ұлттық Мектеп лигасының бағдарламасындағы 7-8 сыныптар арасында Асық ату, Бес асық бойынша жарыстар өткізілді.
Жарысқа 7-8 сыныптар арасында асық атудан 7 команда және бес асықтан 6 команда қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 42-дан астам спортшыны құрады.
Жарыс қорытындысы бойынша асық ату бойынша орындар келесідей бөлінді:
1 орын: Егіндікөл ауылының № 1 жалпы білім беретін мектебі
2 орын: Полтавское ауылының жалпы білім беретін мектебі
3 орын: Тоғанас ауылының негізгі орта мектебі.
Бес Асық бойынша:
1 орын: Тоғанас ауылының негізгі орта мектебі
2 орын: Егіндікөл ауылының № 2 жалпы білім беретін мектебі
3 орын: Қоржынкөл ауылының жалпы білім беретін мектебі
Спортшыларымызға облыстық жарыстарда табысты өнер көрсетіп, жеңіс тілейміз.