"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Мен зерттеушімін" байқауының аудандық кезеңі өтті!

08.04.2026

"Мен зерттеушімін" байқауының аудандық кезеңі өтті!

2026 жылғы 6-8 сәуір аралығында мектеп жасына дейінгі балаларға арналған "Мен зерттеушімін"республикалық танымдық-зерттеу байқауының аудандық кезеңі өтті.

Байқаудың мақсаты-зерттеу дағдылары мен танымдық белсенділікті қалыптастыру арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлік-шығармашылық әлеуетін дамыту.

Байқауға Егіндікөл ауданының мектепке дейінгі ұйымдары тәрбиеленушілерінің қызықты және танымдық зерттеу жобаларын ұсынған 13 жұмысы қатысты.

Конкурстық комиссия жұмысының қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

🥇 I орын - Глухова Злата Владимировна ("Солнышко" шағын орталығы, Спиридоновка ауылы ОШ)

🥈 II орын-Бутрамьева Матрена Сергеевна және "Айгөлек" тобының командасы ("Балбөбек"бөбекжайы)

🥉 III орын-Хамидоллаева Азиза, Жанбатыр Раяана, Мартынец София

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға белсенді қатысқаны, қызығушылығы мен білімге ұмтылғаны үшін алғыс айтамыз!

Жеңімпаздың жұмысы байқаудың облыстық кезеңіне бағытталған. Сізге одан әрі табыс, жаңа ашылулар мен жарқын жетістіктер тілейміз!

Просмотров: 33

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст