"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Менің Қазақстаным: өткені, бүгіні, болашағы» атты ғылыми-тарихи жобаларының аудандық кезеңі

15.04.2026
Ағымдағы жылдың 15 сәуір күні «Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі» ММ жұмыс жоспарына сәйкес Егіндікөл ауданының жалпы орта білім беретін мектептерінің 8-10 сынып оқушылары арасында «Менің Қазақстаным: өткені, бүгіні, болашағы» атты ғылыми-тарихи жобаларының аудандық кезеңі сырттай өткізілді.
Байқаудың мақсат: оқушылардың зерттеу қызметі арқылы азаматтық бірегейлігін, патриотизмін және ел тарихына деген қызығушылығын қалыптастыру.
Аудандық сырттай байқауға Егіндікөл ауылының № 1, № 2 жалпы орта білім беретін мектептері, Ұзынкөл, Спиридоновка, Полтавск, Көркем ауылдарының жалпы орта білім беретін мектептерінің оқушылары өздерінің ғылыми-тарихи жұмыстарын қорғады. 
«Тарих және Егемендік» номинациясы 
I орын – Асылбек Сая, Егіндікөл ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы
II орын - Каримжановна Аруана, Полтавск ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы
III орын - Құттыбай Дархан Дәуренұлы, Ұзынкөл ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы
«Мәдениет, тіл және дәстүрлер» номинациясы
I орын – Симирозум Константин, Егіндікөл ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы.
Просмотров: 619


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст