16.04.2026
Мектепке дейінгі ұйымдардың педагог қызметкерлері арасында "Тәлімгер және жас маман дуэті" байқауының аудандық кезеңінің қорытындылары туралы
2026 жылғы 16 сәуірде мектепке дейінгі ұйымдардың педагог қызметкерлері арасында "Тәлімгер және жас маман дуэті" байқауы өтті.Байқау педагогикалық кәсіптің беделін арттыруға, тәлімгерлік институтын дамытуға, жас мамандарды қолдауға және үздік педагогикалық тәжірибелерді таратуға бағытталған.
Байқауға педагогикалық дуэттер — мектепке дейінгі ұйымдардың тәлімгерлері мен жас мамандары қатысты. Қатысушылар кәсіби шеберлігін, шығармашылығын және инновациялық жұмыс әдістерін көрсете отырып, шеберлік сыныптары мен ұйымдастырылған іс-шараларды ұсынды.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
I орын-Тоғанас ауылы орта мектебі педагогтарының дуэті жас маман Аппасова Әдеміқанатқызы және тәлімгер Мұхамеджанова Гүлзира Рамазанқызы
II орын - Балбобек бөбекжай педагогтарының дуэті жас маман Магасумова Татьяна Владимировна және тәлімгер Жигалова Елена Николаевна
Байқау тәжірибе алмасу, педагогтердің кәсіби өсуі және мектепке дейінгі білім берудегі тәлімгерлік жүйесін нығайту үшін тиімді алаңға айналды.