23.04.2026
22 сәуірде Ағылшын тілі мұғалімдері арасында инновациялық технологиялар элементтері бар "Best Endlish Lesson" сырттай ашық сабақтар байқауының аудандық кезеңінің қорытындысы шығарылды.
Конкурстың мақсаты: инновациялық білім беру технологияларын енгізу арқылы ағылшын тілін оқыту сапасын арттыру.
Ауданның 9 мектебінен осы байқауға 7 мектеп қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша "Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімінің №2 жалпы білім беретін мектебі" КММ ағылшын тілі мұғалімі Бутьковец С.И. 1 орынды еленді, "Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімінің Ұзынкөл ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ ағылшын тілі мұғалімі КеулімжаеваГ. А. 2 орынды, 3 орынды "Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімінің Көркем ауылының негізгі орта мектебі" КММ ағылшын тілі мұғалімі Джусупова С.А. және "Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімінің Егіндікөл ауылының №1 жалпы білім беретін мектебі" КММ ағылшын тілі мұғалімі БисимбаеваТ. Н. иеленді. "Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл аданы бойынша білім бөлімінің Тоғанас ауылының негізгі орта мектебі" КММ мұғалімі Муханбетжанова А. Б. және "Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімінің Спиридоновка ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ ағылшын тілі мұғалімі Тасқұл Д.Д мақтау қағаздарымен марапатталды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!