27.04.2026
27 сәуір күні шағын жинақты мектептер мұғалімдері арасында “Ақмола облысының шағын жинақты мектептеріндегі үздік тәжірибелер” облыстық байқауының аудандық кезеңі өтті.
Байқаудың мақсаты: шағын жинақты меектеп жағдайында білім бері үдерісін ұйымдастырудың тиімді тәжірибелерін анықтау және қолдау.
Байқауға жеті жұмыс ұсынылып жеңімпаздар анықталды.
1- ші орынға «Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Тоғанас ауылының негізгі орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Қуанышбекова Меңдігүл Абдрахмановна ие болды.
2- ші орын «Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Полтавск ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Алпыспаева Гульбану Аманбаевна.
3 - ші орынды «Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Бауман ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ағылшын тілі пәні мұғалімі Уразбаев Темурхан Атабаевич және «Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Көркем ауылының негізгі орта мектебі» КММ биология пәнінің мұғалімі Жақыпбек Сымбат Талғатызы иеленді.