Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы бұйрық

30.04.2026

/public/files/2026/4/30/300426_192104_prikaz-vakr.pdf

  Сыбайлас жемқорлық  тәуекелдеріне ішкі талдау  жүргізу туралы

          «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8-бабының 5-тармағына, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 21 бұйрығына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіне 2025 жылғы 1 қаңтардан 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезең бойынша келесі бағыттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу:

1) мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) мекеменің ұйымдық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі 2026 жылғы 4 мамырдан 2026 жылғы 16 маусымға дейін болып белгіленсін.

3. Құрамында Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы бекітілсін:

1) Контарбаева А.К. – әдістемелік кабинет меңгерушісі;

2) Сизова Н.В. – білім бөлімінің бас бухгалтері;

3) Швенглер А.Ю. – білім бөлімінің заңгері.

4. Осы бұйрықтын орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

 

Просмотров: 5729

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу