"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білім беру және ойын қызметінің тиімді педагогикалық тәжірибелермен алмасу мақсатында ашық көрсетілім өткізу

15.01.2026

2026 жылғы 15 қаңтарда Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөліміне қарасты Егіндікөл ауылының «Балбөбек» бөбекжайында тиімді педагогикалық тәжірибемен алмасуға бағытталған білім беру және ойын әрекеттерінің ашық көрсетілімдері өткізілді.

Іс-шараға әдіскерлер, мобильді топ мүшелері және бөбекжай әкімшілігі қатысты.

Ашық көрсетілімдерді өткізудегі мақсат – білім беру процесін ұйымдастырудың заманауи әдістері мен тәсілдерін көрсету, кәсіби тәжірибе алмасу және педагогикалық жұмыстың сапасын арттыру болды. Педагогтер балалармен ұйымдастырылған қызметтің түрлі формаларын ұсынып, дамытушы пәндік-кеңістіктік ортаны, заманауи технологиялар мен белсенді оқыту әдістерін тиімді қолдануды көрсетті.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар педагогтердің жоғары дайындық деңгейін, қолданылған әдістемелік тәсілдердің тиімділігін, сондай-ақ тәжірибе алмасудың педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттырудағы практикалық маңыздылығын атап өтті.

Просмотров: 13


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст