"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мектепке дейінгі жастағы балаларды дамытудағы инновациялық технологиялар» тақырыбында аудандық семинар-практикум өткізілді.

12.02.2026

Егіндікөл ауданының мектепке дейінгі ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету бойынша мобильді топтың 2026 жылға арналған жұмыс жоспары аясында 2026 жылғы 12 ақпанда Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөліміне қарасты Егіндікөл ауылының «Балбөбек» бөбекжайы базасында «Мектепке дейінгі жастағы балаларды дамытудағы инновациялық технологиялар» тақырыбында аудандық семинар-практикум өткізілді.

Семинар-практикумның мақсаты – инновациялық технологияларды енгізу арқылы мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін кеңейту және озық педагогикалық тәжірибе алмасу.

Семинар-практикум интерактивті тәжірибе алмасу форматында өтті. Іс-шара барысында:
• педагогтердің мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыста инновациялық әдістер мен цифрлық ресурстарды қолдануы бойынша презентациялар ұсынылды;
• балалардың сөйлеу тілін, танымдық үдерістерін, әлеуметтік-тұлғалық және шығармашылық дағдыларын дамытуда заманауи технологияларды қолдануды көрсететін ашық оқу қызметтері өткізілді;
• педагогтер ойын, АКТ технологиялары мен STEAM-оқыту әдістемелерін тәжірибе жүзінде қолданып көруге мүмкіндік алған практикалық шеберлік сағаттары ұйымдастырылды;
• ұсынылған технологиялардың тиімділігі мен оларды білім беру процесіне одан әрі енгізу мәселелері бойынша кәсіби пікірталастар өткізілді.

Іс-шара педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға, әдістемелік өзара іс-қимылды нығайтуға және мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыста тиімді инновациялық тәсілдерді енгізуге ықпал етті.

Просмотров: 4


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст