"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Үздік мектепке дейінгі ұйым педагогі» конкурсының қорытындысы

15.05.2026

 

2026 жылғы 15 мамыр күні Егіндікөл ауылында «Үздік мектепке дейінгі ұйым педагогі» республикалық байқауының аудандық кезеңі өтті.

Байқау Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектепке дейінгі білім беру саласында шығармашылықпен жұмыс істейтін дарынды педагогтерді анықтау және қолдау мақсатында өткізілді.

Қатысушылар электронды портфолио, «Қазіргі заманғы тәрбиеші қандай болуы керек?» тақырыбындағы эссе, кәсіби қызмет материалдары, сондай-ақ цифрлық технологияларды қолдана отырып ұйымдастырылған кіріктірілген оқу қызметін ұсынды.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
🥇 I орын — Мұхамеджанова Гүлзира Рамазанқызы
🥈 II орын — Тоқмағамбетова Рабиға Жұмабайқызы
🥉 III орын — Шийка Ольга Васильевна

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!
Оларға шығармашылық табыс, кәсіби жетістіктер және жаңа белестер тілейміз!

Аудандық кезең жеңімпазының материалдары байқаудың облыстық кезеңіне қатысу үшін жолданды.

Просмотров: 265


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст